Көкпаршы қыз Ева Жигалина туралы деректі драма жарық көреді

Көкпаршы қыз Ева Жигалина туралы деректі драма жарық көреді

Қиындықтарға мойымай, қалыптасқан стереотиптерді бұзған, әлеуметтік және мәдени тосқауылдарды еңсере білген батыр қыз. Қазақстанда көкпаршы қыз Ева Жигалина жайлы деректі фильм түсірілді. Бұрымды 6 жасынан атқа мініп өскен әккі шабандоз. Көкпар аламанына 15 жасынан қатысқан.

Фильмде бала кезінен дала төсінде ойқастап, көкпар мәдениетін бойына сіңіріп өскен табанды қыздың сүйікті ісімен айналысу жолындағы күресі жайлы оқиға баяндалады.  «Ева. Батыр қыз» деректі драмасының режиссері Темірбек Аманжол картинада көкпар мен ат несімен адамды баурап алатынын көрсеткім келді дейді. Түсірілім тобы лентаның халықаралық деңгейде көрсетілімге шығуына мүмкіндігі мол екеніне сенімді. Қазіргі уақытта бірнеше шетелдік стриминг-сервистермен прокат туралы келіссөздер жүріп жатыр.