Еңбек ауылы ішімдіктен бас тартты

Еңбек ауылы ішімдіктен бас тартты

«Таза сана – жарқын болашақ!». Солтүстік Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде осындай атаумен арнайы челлендж басталды. Оның аясында Еңбек ауылының халқы жаппай арақ-шараптан бас тартты. Тың бастаманы ақсақалдар көтерген. Ал, кейінгі толқын оны бір ауыздан қолдады. Енді той -томалақ тек қымыз-қымыранмен өтпек. Еңбек – бірлігі бекем, тірлігі көркем ауылдардың бірі. Қазір мұнда жаңадан мектеп салынып жатыр. Жастары спортқа ден қойған. Айта кету керек  эстафета енді Қарағанды облысының тұрғындарына жолданады. Жалпы, қазір өңірде ішімдік сатылмайтын 18 елді мекен бар. Құқық қорғау органдарының мәліметінше бұл ауылдарда соңғы бес жылда бірде бір қылмыс тіркелмеген.