Қазақстанда инфляция деңгейі 8%-ке дейін төмендеуі мүмкін

Еуразиялық даму банкінің сарапшылары мұны сыртқы сектор ықпалының әлсіреуімен байланыстырады. Аталмыш қаржы институты 2023 жылға арналған макроэкономикалық болжамын жариялады. Ондағы есептеулерге сәйкес экономика өсімі де қарқын алады. Оның мөлшері алдағы жылы 4,2% жетуі ықтимал. Осы орайда айта кетерлігі, биылғы өсім 2,8%-ті құрайды деп күтілуде. 2023-те Теңіз кен орнында жаңа қуаттардың іске қосылуы, Каспий құбыр консорциумы жұмысының толық режимге көшуі мен өндіріс пен құрылыс және қызмет көрсету саларында бірқатар ұлттық жобаның жүзеге асуы өсімнің негізгі драйверіне айналмақ.