ШҚО-да жаңа гидроэлектр станциясы іске қосылды

ШҚО-да жаңа гидроэлектр станциясы іске қосылды

Шығыс Қазақстан өңіріндегі Тұрғысын өзенінің бойында жаңа гидроэлектр станциясының құрылысы аяқталды. Су нысанының қуаты 25 мВт құрайды. Сарапшылардың есебінше, оның күші еліміздің шығыс бөлігімен қатар өзге аймақтарды тұрақты қуат көзімен қамтып тұруға жеткілікті. Заманауи гидростанция таза энергия өндірудің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Есесіне жылдық тапшылықты 78 кВт-сағатқа дейін азайтуға сеп болмақ. Жалпы құны 13 млрд теңгені құраған жобаны Қазақстанның даму банкі қолдап отыр. Бұл Қаржы институтының несиелік портфеліндегі жаңартылған қуат көздеріне қатысты жалғыз ғана бастама емес. Сондай-ақ су және жел энергетикасы бағытындағы жобалар қолдау тапқан.

Рахымжан Сатаев, ҚДБ басқарушы директоры:

- Несиелік портфельдің салалық құрылымы жөнінде айтатын болсақ, оның аясы соңғы он жылда әртараптандырылып айтарлықтай кеңейді. Атап айтсақ: машина жасау, ақпарат және байланыс, туризм мен жаңартылған энергия көздеріне қатысты жаңа жобалар қосылды. Нақты баламалы қуат көздеріне қатысты жобаларға тоқталсам, 2017 жылдан бастап 2021 жылдың алғашқы жартысына дейінгі кезеңде жалпы құны 143 млрд теңгені құраған 6 инвестициялық бастама қаралып, банк тарапынан қолдауға ие болды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов