Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов елге оралды

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдо шебері Елдос Сметов елге оралды. Спортшыны туған-туыстары, достары, жанкүйерлері қарсы алды. Айта кетейік, Елдос жартылай финалға сенімді түрде өтіп, сыралғы  қарсыласы, жапон өкілі Наохиса Такатодан аз ғана ұпаймен есе жіберді.

Елдос Сметов, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері:

- Олимпиада өте жақсы өтті. Қуаныштымыз. Осындай жетістікке қол жеткіздік, Аллаға шүкір. Өте қуанышты сезімдемін. Сезімді сөзбен айтып, жеткізе алмаймын енді.