Францияның жоғары оқу орындарының бірінде қазақ тілі оқытылатын болады

Францияда шығыс тілдері мен өркениеттер университетінің студенттері енді қазақ тілін оқитын болады. Аталмыш шетелдік жоғарғы оқу орынында араға екі жыл салып қосымша тіл меңгеру курсы қайтадан ашылады. Осылайша, қазақ тілі университетте оқытылатын 105 тілдің қатарына қосылады. Айта кетейік, қазірдің өзінде тілін қазақшаға сындырғысы келетін ондаған студент бар. Тіл - ақпарат құралы.  Қазақстандағы Франция өкілдігі бұл ниеттерін жастардың Орталық Азия өңіріне, жалпы Қазақстанға деген қызығушылықттың артып келуімен байланыстырады. Денін аймақтың терең тарихы және бай мәдениеті тартатын көрінеді. Франция білім қуған жастардың білгенін түгестуге қашанда дайын. Ондағы жоғары оқу орындарына жыл сайын Қазақстаннан бес жүзге жуық студент оқуға түседі. Бұл қатарда қос тараптың бірлескен стипендиялық бағдарламаларының шарапатын татып жүрген ел жастарының қарасы қалың.  

Ксавье Ле Торривеллек, Францияның Қазақстандағы елшілігінің білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі атташесі:
- Қазақстандық студенттер түрлі бағыт бойынша Франция елінің   кез келген жоғары оқу орынына түсе алады. Егер білім деңгейі жоғары болса онда тіпті экономикалық немесе инженерлік мектептерде қажетті мамандық меңгеруі әбден мүмкін. Қазан айының 6-сы күні Франциядағы шығыс тілдері және өркениеттер институтында қазақ тілі курсы басталады. Қазақстаннан тысқары қазақ тілін оқытатын жалғыз университет Еуропада орналасқан. Тіпті бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдерде қазақ тілін үйрететін оқу орныдар жоқтың қасы. Тек біздің кеңге танымал INALCO институты осындай бірегей мүмкіндік жасап отыр. Бұл Франция мен Қазақстан арасындағы жылы қарым-қатынастың жарқын белгісі деп білеміз.