Заңсыз ақша айналымымен айналысқан 81 топ әшкереленді
Қазақстанда заңсыз
қаржымен айналысқан 81 топ анықталды. Олар жалған операциялар арқылы ақшаны
қолма-қолға шығарып жүрген. Осы жолмен 24 млрд теңге айналымға түсіпті. Енді
көлеңкелі айналыммен күрес мемлекеттің қатаң бақылауына алынды. Күмәнді
операциялармен айналысқан 130 криптовалюта биржасының қызметі тоқтатылды.
Сондай-ақ, ел аумағында жасырын жұмыс істеген 18 темекі мен алкоголь цехы
жойылды.

