Көкшетаулықтар Конституцияның 30 жылдығын атап өтті

Көкшетаулықтар Конституцияның 30 жылдығын атап өтті

Конституцияның 30 жылдығына арналған салтанатты жиын Көкшетауда да өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары ашық аспан астында бас қосып, мерекелік көңіл-күйге бөленді. 

Конституция - елдегі тұрақтылықтың, дамудың кепілі. Ақмола облысында биыл бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр. Ауыз сумен қамту, тұрғын үй құрылысы қарқынды. Өнеркәсіпте де өсім бар. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. Мерекелік шара өткен жаңа жағалау да осы жылы ашылды.