Мемлекеттік гранттар байқауының нәтижесі

Мемлекеттік гранттар байқауының нәтижесі

Биыл мемлекеттік грантқа ең жоғары конкурс стоматология мамандығы бойынша болған. 1 орынға 35 адам таласыпты. Одан кейін, түлектердің басым бөлігі халықаралық қатынастар, аударма ісі, құқық, шет тілі мұғалімі, сызу пәнінің мұғалімі, психологиялық білім беру бағдарламаларын таңдаған. Ал, ең төмен конкурс инженерлік бағыттағы - көлік құрылысы, механика, мал шаруашылығына тиесілі. Айта кетсек, биыл 104 мыңнан астам бала грантқа өтініш берген.