Алматыда жаңа көпір ашылды

Жыл соңына дейін алматыдағы 90 жер асты және жер үсті өткелдері жөнделеді. Қазір жұмыстың жартысынан көбі жасалды. Төбесіндегі жабындылары ауыстырылып қоршаулары жаңартылып жатыр. Бұл қаланың инфраструктурасын дамыту жоспары аясында атқарылып жатқан істер. Басты мақсат қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тілші жалғастырады.

Жаяу жүргіншілердің өткелдері жаңғыртылып жатыр

Наурызбай ауданындағы мына өткелді жөндеу жұмыстары екі ай бұрын басталған. Қазір декоравтивті плиталары қалпына келтірілді. Жарық шамдары да жаңарды. Енді төбесіндегі жамылғысы мен еденіндегі төсеніші ауыстырылады .

Бейбіт Шаханов Алматы қаласы әкімдігінің аппарат жетекшісі:
-
Бүгінгі күні біз рекомендациялар жасадық. Жалпы төзімдік материалдар қолдану. Сол жердегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ең бастысы кіре берісінде ішінде жарыө болу керек. Сосын бізде барлық өткелдерде видеокамералар бар. Олар ПД қосылып тұрады.

Сайын көшесіндегі жер үсті өткелі де тозып тұр. Қазір жобалық-сметалық құжат дайындалуда. Сәтін салса мұндағы ескі асфальт орнына жылынып тұратын жамылғы төселеді. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар мен егде жастағы тұрғындар қолданатын лифт де ауыстырылады. Қазір қалада мұндай лифтілердің 50-і жұмыс істеп тұр.

Азамат Қалдыбеков, Алатау ауданының әкімі:
-
Ең алдымен ол қысқы температураға төзімДі болады. Біз кейін оны Оңай жүйесімен интеграциялаймыз. Осыдан кейін тұрғындар лифтіні пайдалану үшін карточка арқылы төлем жасауға болады.

Келер жылы шаһарда тағы 5 өткел жөнделеді. Олардың іші жаңартылып, жаңа жарықшамдар ілінбек. Сондай-ақ бейнекамераларда орнатылады.