«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы анықталды
«Мерейлі отбасы» байқауы – бұл жай ғана жарыс
емес, махаббаттың, адалдықтың және ұрпақ сабақтастығының шынайы оқиғалары көрсетілетін
алаң. Шымкентте осы сайыстың қалалық кезеңнің қорытындысы жарияланды.
Нәтижесінде теміржолшылар династиясы саналатын - Нұртаевтар отбасы жеңіске
жетті. Жалпы сайысқа 150 отбасы қатысқан болатын. Олар несімен ерекшеленді?

