Қазақстандық стартап 1 млрд долларға бағаланды

Қазақстандық стартап 1 млрд долларға бағаланды

Қазақстандық Higgsfield AI 1 млрд долларға бағаланып, ел тарихындағы ең үздік стартапқа айналды. Платформа мәтінді жасанды интеллектің көмегімен видеоға айналдырады. Higgsfield AI арқылы Уилл Смит, Снуп Дог, Мадонна тіпті Илон Маск сынды әлемдік жұлдыздар мен танымал компаниялар видео жасаған. Бүгінде жылдық табысы 50 миллион долларға жуықтапты. 1 ай бұрын Марк Цукерберг жүздеген млн долларға стартапты сатып алғысы келген еді. Бірақ компания мәміледен бас тартты. Дәл осындай қарқынды жұмыс жалғасса, бір жылдан кейін-ақ он есе қымбатқа бағаланады,- дейді жоба авторлары. Стартап негізін қалаушы, жасанды интеллект зерттеушісі Ерзат Дулат.