Бүгін - Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні
Бүгін Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні.
Соған орай Астанада Республикалық фестиваль өтті. Бұған еліміздің шалғай
өңірлдерінен 63 өнерпаз келген. Олар
сахнада ән айтып, би билеп, өз өнерін паш етті. Шараның басты мақсаты – Аутизм
спектрі бар балалардың талантын ашу, қоғамдық мәдениетті қалыптастыру.
Бүгін мына сахнада үлкен арман иелері өнер көрсетіп
жатыр. Олар ән салып, домбырадан күй
төгілтеді. Тіпті мың бұралып билеп, қойылым қояды. Солардың бірі 15 жастағы Әбілмансұр. Ол
Астанадағы ерекше балаларға арналған Special hards театрының кішкентай актері.
Замзагүл Ахметжан, қатысушының анасы:
- Бүгін біз жаңа көрсеткен «Аққу» деген биді қойдық.
Қазір келесі қоятын қойылымымыз біздің «Құдаша» тоқсаныншы жылғы қойылым.
Балаларымыздың жетістіктеріне қуаныштымыз.
Бүгін Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні.
Осының аясында Елорда төріндегі Астана Операда еліміздің түкпір-түкпірінен
келген ерекше талант иелері бас қосты. Мұнда Ақтөбе, Абай, Қарағанды өңірлері мен Астанадан 63
бала өнер көрсеткен. Шараның басты мақсаты - ерекше балалардың өнерін
көпшілікке таныстырып, қолдауға шақыру.
Әлия Әбсәметова, Астана қаласы Нұра ауданы әкімінің
орынбасары:
- Біз айтамыз ғой Күн балалары деп. олар ерекше балалар емес. Олар біздің тең балаларымыз. Мен ойлаймын енді, біздің Қазақстанда тең инклюзивті қоғам құрып жатырмыз ғой. Сол инклюзивті қоғам құратын да бәріне тең мүмкіндік керек деп.
Елімізде 17 мыңға жуық бала Аутизм дертіне шалдыққан. Бұл
дерек соңғы бес жылда 36 пайызға өскен. Дегенмен ерте диагностикалау,
ақпараттандыру да қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі фестиваль осы мақсатта
ұйымдастырылған. Игі бастамаға Астана қаласының әкімдігі мұрындық болып,
Abaqus-Daryn қоры, Болат Өтемұратов қорлары қолдау көрсеткен.

