ОПЕК+ елдері жаңа келісімге келді

ОПЕК+ елдері жаңа келісімге келді

ОПЕК+ елдері жаңа келісімге келді. Желтоқсанда мұнай өндірудің тәуліктік көлемі 400 мың баррельге ұлғайтылады. Осы ретте Қазақстан үшін квота ай сайынғы өсімді ескере отырып, тәулігіне 1 млн 556 баррельді құрайды. Бұл жөнінде еліміздің Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Блумбергтің мәліметінше, құрама штаттарда жанармайдың қымбаттауына байланысты америкалық билік мұнай өндіруші елдерден өндірісті тәулігіне 800 мың баррельге арттыруды сұрады. Алайда картель бұрынғы келісімді ұстануға шешім қабылдады. Бүгінде Brent маркасы 2% қымбаттап, барреліне 83 доллардан аса саудалануда. Жыл басынан бері әлемдегі «қара алтынның» бағасы 1,5 еседен астам өсті.