Рэп оқып, ағылшынша үйрететін мұғалім
Алматы облысына қарасты Қосөзен ауылында ағылшын тілін рэп форматында
үйрететін мұғалім жұмыс істейді. Өмірбек Жанқуатовтың әдісіне қазір қызығып
жатқандар көп. Өйткені методикасы шет тілін үйренуге өте ыңғайлы екенін көрсетіп
жатыр.

