Елордада әлемдік діндер көшбасшыларының кездесуі өтеді

Елордада әлемдік діндер көшбасшыларының кездесуі өтеді

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі биыл күзде елордада өтеді. Кезекті форумда бас қосатын алпыстан астам мемлекеттің өкілдері адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуы және пандемиядан кейінгі дәуірге қатысты мәселелерді талқылайды. Бұл туралы Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев хабарлады. Дін, білім беру процестері, әйелдердің статусы және экстремизммен күрес тақырыптары бөлек секцияларда қаралатын болады. Қазақстанда дәстүрлі түрде өткізілетін әлемдік діндер көшбасшыларының кездесуі жаһандағы беделді әрі маңызды оқиға саналады.

Болат Сәрсенбаев, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының басқарма төрағасы:

- Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Съездің мазмұндық бөлігі әзірленіп, онда сөз сөйлейтін сарапшылар тізімі жасақталуда. Мәртебелі жиынның нәтижелі өтуі үшін барлығы мұқият пысықталады.