Қазақстан төлқұжат күші рейтингінде 53-орынға ие болды

Оған барлығы 193 мемлекет қатысты. Бұл туралы finprom.kz хабарлайды. Қазақ елінің  төлқұжаты бар азаматтар 39 елге визасыз бара алады, 52 мемлекет кіргеннен кейін виза алуға келіскен, ал 107 елде қазақстандықтарға   кіру рұқсаты қажет. Сарапшылардың берген бағасына сәйкес, әлемдегі ең мықты төлқұжат Біріккен Араб Әмірліктері азаматтарына тиесілі. Оларға  тек 18  мемлекеттің визасы талап етіледі. Екінші орында Швеция, үшінші орында Германия төлқұжаты. ТМД елдерімен салыстырар болсақ, Қазақстанның төлқұжаты Армения, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан құжаттарынан мықтырақ.