Қазақстанда көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы бекітілді

Қазақстанда көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы бекітілді

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Құжат көлік саласының барлық бағытын қамтып, оның ішінде теміржол, автомобиль, су, әуе көлігі, сондай-ақ логистика саласының дамыту мәселелерін көздейді. Алда тиісті ведомство тұжырымдамада қарастырылған міндеттерді уақтылы іске асыру жөнінде шараларды қабылдайды. Ол қолжетімді, қауіпсіз және инклюзивті ұтқырлықты қамтамасыз етіп, сонымен қатар еліміздің бәсекеге қабілеттілігін нығайтумен бірге транзиттік хабқа айналуға септігін тигізеді деп жоспарлануда.