ҚазҰУ зерттеу университеті мәртебесін иеленді

ҚазҰУ зерттеу университеті мәртебесін иеленді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен зерттеу университеті мәртебесі берілді. Айта кетейік, бүгінде ҚазҰУ – әлемдегі ең үздік 150 университет қатарына енген Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз жоғары оқу орны. Университет құрылымында 16 факультет пен 8 ғылыми-зерттеу институты және 29 ғылыми орталық бар. Сондай-ақ, 140-қа жуық ғылыми және оқу-зерттеу зертханалары жұмыс істейді. Сонымен бірге Ыстамбұл және Бішкек қалаларында ұлттық университеттің филиалдары ашылды. Жалпы жоғары оқу орнында 26 мыңға жуық студент білім алуда. Оның ішінде әлемнің 30 елінен келген шетелдіктер де бар.