Қазақстанның үш қаласында 5G желісі іске қосылады

Жыл соңына қарай Қазақстанның үш қаласында 5G желісі іске қосылады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. Жаңа форматтағы байланыс республикалық маңыздағы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында енгізіледі. Бүгінде елордадағы Astana Hub IT стартаптар халықаралық технопаркі аумағында пилоттық 5G желісі іске қосылған. Алматы және Шымкентте базалық станциялардың орындары анықталып, қазір техникалық сынақ жүргізілуде. Ал облыс орталықтарында 5G желісін 2023-2025 жылдары іске қосу жоспарланып отыр.