«Umai-2023» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

«Umai-2023» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда «Umai-2023» Ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды . Дәстүрлі байқау жеңімпаздары 4 негізгі бағыт бойынша іріктеледі.  Үздіктер «Театр өнері», «Музыкалық-орындаушылық өнер», «Хореография өнері», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» легінде анықталады. Биыл аталым саны 29 дейін ұлғайтылды. Жалпы жүлде қоры 79 млн теңгені құрамақ.

2021 жылдың қыркүйегінен 2023-тің шілдесіне дейін театр немесе концерт маусымының жұмысына қатысты ұжымдар мен жекелегег орындаушылар бас сыйлықттан дәмелі бола алады. Ал суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлері 2021 жылдан ерте жасалмаған жұмыстарын ұсыну арқылы бақтары мен баптарын сынай алады.  Өтінімдерді 5 желтоқсанға дейін қабылданады.