Батыс Қазақстан облысындағы үйлердің құрылысы аяқталуға жақын
Тасқыннан бүлінген құрылыстарда бақылауды күшейту керек. Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Қанат Бозымбаев жұмысты жеделдетуді тапсырды. Вице-премьер алдымен Қоржын ауылында болды. Қазір елді-мекенде 3 бөлмелі 90 үй салынып жатыр. Енді 79 баспана қалпына келтірілмек. Қанат Бозымбаев Сырым ауданындағы баспанадардың жай-күйін бағамдады. Аймақта бір пәтерлі 68 және екі пәтерлі 10 үй тұрғызылған. Бүгінге дейін оның 45-і табысталған. Саяжайлар тұрғындары да тыс қалмайды. Орал маңындағы Дерқұл ауылында 103, Зашаған ауылында 70 үй жөнделіп жатыр.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
– Жалпы, облыста 775 үй салынып жатыр. 630 үй 1 қыркүйекке дейін беріледі. Қоржын ауылында мердігерлердің санын көбейтуді тапсырдым.

