«Ауыл аманаты» бағдарламасына 56 млрд теңге бөлінеді
Елімізде «Ауыл аманаты» бағдарламасына екі жыл
ішінде 100 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінген. Қомақты қаржыны мақсатты
жұмсау ісінде өңіраралық байланысты нығайтудың маңызы зор. Осы орайда бүгін Сыр
өңірінде Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың қатысуымен
республикалық семинар өтті. Онда мемлекеттік жобаның жұмыс жайы таразыланып,
өңір басшылары өзара тәжірибе алмасты.