Астанада республикалық жаңа жылдық Президент шыршасы өтті

Қазақстанның оқуда озат, спортта алғыр, өнерде дарынды балалары Елордада өткен Президенттік шыршаға қатысты. «Астана Опера» театрында өткен «Жаңа жыл республика төрінде» атты мерекелік шара әр өңірден барлығы 100 мектеп оқушысын жиды. Еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарының 400 астам әртістері мен Мемлекеттік опера және балет театрының солистері балаларға жаңа жылдық қойылымдарын ұсынады. Сондай-ақ белгілі қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалады. Балалардың  барлығына Президенттің құттықтауы мен бағалы сыйлықтары бар жаңа жылдық тілекхат табысталды.

Меруерт Медетбекова, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің департамент директоры:
- Өзінің өнерімен, спорттан, білімімен оқ бойы озық шыққан балалар үш күннен бері арнайы бағдарлама аясында әсем Астананы аралап, музейлер мен көрікті жерлерде қыдырып, бүгін ерекше көңіл күймен шыршаны жалғастырып жатыр. Президенттің өзінің арнайы сыйлығы бар. 100 баланың әрбіріне берілген рюкзак,  оның ішінде IPad, сондай-ақ энциклопедиялық кітаптардың топтамасы мен кәмпиттер бар.