Қазақстандық «Super Bol» жобасы халықаралық деңгейге шықты

Қазақстандық «Super Bol» жобасы халықаралық деңгейге шықты. Жоба ұйымдастырушылары Швейцарияда УЕФА-ның MIP Alumni Association бөлімімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қос тарап бар күшін Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер арасында футболдың дамуына жұмсайды. Сонымен қатар, футбол айналасында мамандарды қайта даярлықтан өткізу де қарастырылған. Осы келісімнің арқасында жас қазақстандық аяқдопшыларға Кәрі Құрлықтың алпауыт футбол клубтарымен келісім-шартқа отыруына да жол ашылмақ. Естеріңізге сала кетсек, «Super bol» жобасы дарынды жасөспірім футболшыларға кәсіби футбол мансабын бастауға мүмкіндік беру мақсатында басталған.