Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы жұмыстар жалғасады

Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы жұмыстар жалғасады

Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы жұмыстар әлі толығымен біткен жоқ. Президент түйткілдер жеткілікті, шешілмеген мәселелер еліміздің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына сын-қатер төндіруде деп сынға алды. «Бүкіл қоғамды алаңдатып отырған ең қауіпті үрдіс: жастар нашақорлыққа үйір бола бастады. Бұл – үлкен қатер, оны жасырмауымыз керек», - деді. Десе де аталған қылмыс түрімен кешенді күрестің нәтижесінде биылдың өзінде 83 есірткі зертханасы жойылған. Айналымнан алынған есірткі заттарының көлемі 84 пайызға ұлғайған. Есірткі өндіргені үшін берілетін жаза қатаңдатылды. Тіпті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.