Мәжіліс Кеден одағының ЕЭА туралы келісім өзгерістерін мақұлдады

Еске салайық, 2021-ші жылдың күзінде  Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақтың 5 елінің басшылары осыған қатысты хаттамаға қол қойған болатын. Құжатта одақтың күшіне енген жаңа Кеден кодексінің нормаларына сәйкес терминология мен кедендік реттеу мәселелерін сәйкестендіру көзделген. Негізінен заңдық және редакциялық сипаттағы түзетулер енді.

Марат Қарабаев, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Арнайы экономикалық аймақтардың резиденттері бұған дейін резиденттігін тіркеген соң міндетті түрде жариялауымыз қажет еді. Бірақ қай жерде, қандай ақпарат құралдарында жариялау тетігі бекітілмеген. Жаңа заңға сәйкес, қай кәсіпорында резидент болса, сол одақтың ресми сайтында жариялау қажеттігі нақты көрсетілген. Үшіншіден, еркін кеден аймағының кедендік рәсімін реттеуге, яғни Еуразиялық экономикалық одағының Кеден кодексіне және дауларды шешу бойынша осы одақтың шартына сілтеме енгізілген.

Сондай-ақ мәжілісмендер ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді мақұлдады. Құжат барлық тарапқа жалған өндіріс пен саудаға және Достастық шекараларында бөтен брендтермен өтетін өнімдерді уақтылы анықтап, айналымға шығуына тосқауыл болмақ. Яғни, келісім елдерге бизнестің зияткерлік құқықтарын қорғау бойынша күш біріктіруге мүмкіндік береді.