Перизат Қайрат ісіндегі жаңа деректер
Назарбаев мектебінінің ата-аналары Biz Birgemiz қорына 1
млн теңге жинап берген. Бұл туралы Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот
отырысында айтылды. Ал, құрылыс компаниясының өкілі қор шотына 200 млн теңге
аударғанын растады. Екі тарап та әлеуметтік желідегі жарнама мен
бейнероликтерге сеніп, қайырымдылық жасағанын мәлімдеді. Алайда аталған
қаражаттың мақсатсыз жұмсалғаны кейін анықталған. Айта кетейік, Перизат Қайрат
пен оның анасына қор қаржысын жымқырды деген айып тағылды. Олар 2024 жылғы су
тасқыны кезінде зардап шеккендерге көмек ретінде түрлі ұйымдар мен азаматтардан
ірі көлемде қаржы жиған.

