Биыл Қызылорда облысында 5 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Биыл Қызылорда облысында 5 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Биыл Қызылорда облысында 5 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Соның төртеуі мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтереді. Білім беру ұйымдарының құрылысы кестеге сай жүріп жатыр. Сыр өңірінде салынып жатқан нысандар жұмысымен Сенат депутаттары танысты.

Жалпы, биыл елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 112 білім ошағы пайдалануға берілмек. Соның төртеуі Сыр өңірінде салынып жатыр. Осыған дейін дәл осындай 6 мектеп дер кезінде табысталған. Мамандар бұл жолы да кестеден кешікпейміз, деп отыр. Бірақ сапада салғырттық болмауы керек. Құрылыс барысын бақылаған сенаторлар мердігер мекеме басшыларына осындай талап қойды.