Оралда жаңа үйлер берілді

Оралда жаңа үйлер берілді

Орал қаласында су тасқыны салдарынан жалғыз баспанасы жарамсыз деп танылған 2300-ден астам саяжай тұрғыны түгел баспанамен қамтылған. Соның 451-не жаңа үйлер берілсе, 600-ге жуығы көпқабатты үйлерден пәтер сатып алды. 1 мыңнан астам отбасы банктер арқылы баспана рәсімдеген. Бұл жолы солардың 15-не жаңа үйлердің кілтін табысталды. Әр үйдің ауданы 80 шаршы метр, барлық инфрақұрылым тартылған. Бақытқа кенелгендердің бірі - Мағзомовтар отбасы. «Речник» саяжайындағы 15 жыл пана болған үйлерін тасқын құлатқан. Бүгінге дейін пәтер жалдап жан бағып келген. Бес баланың әкесі жаңа үйді ұл-қызының несібесіне балайды.