Шетелдік туристер Қазақстанда орта есеппен төрт күн өткізеді

Туристік мақсатпен келген шетелдіктер Қазақстанда 4 күнге дейін аялдай алады. Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея және Үндістан азаматтары елімізде орта есеппен 96 сағат өткізеді. Аялдау мерзімі бойынша Өзбекстан азаматтары Қазақстанда 10 күнге дейін тоқтайтыны белгілі болды. Ал Ресейлік туристер 6 күн, Беларусь азаматтары 5 күн, Германия туристері 4 күн болса, Қытай азаматтары елімізде 3,5 күн өткізеді екен. Жалпы, биыл жазда республикаға өткен жылғыға қарағанда 3 есе көп қонақ келген.

 

Нұртас Байларов, туризм индустриясы комитеті жүйелі шараларды іске асыру басқармасының бас сарапшысы:

- eQonaq жүйесі бірнеше маңызды функцияларды орындайды. Атап айтқанда, бұл елімізге келген туристер ағынын бақылау және талдау, орналастыру орындарының тізілімін құру және т.б. Басты мақсат - туристерге көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыру. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының сақталуына бақылауды жақсарту. Жүйеге 3214 орналасу қызметін ұсынатын кәсіпкерлік нысаны тіркелген.