Елдегі реформаларды жүзеге асыруға халық тегістей жұмылуы керек – сарапшы пікірі

Президент жариялаған реформалардың жүзеге асуы тек мемлекеттік аппаратқа ғана емес, әрбір қазақстандыққа да тікелей қатысты. Отандық сарапшы Ерік Батырхановтың сөзінше, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынас бір арнаға тоғысу үшін саяси жаңғырудың жаңа бағыты айқындалады. Яғни барлық реформа қоғаммен бірлесіп жүргізіледі. Бұл осыған жауапты жаңа Үкімет және әрбір азаматтың ортақ ұстанымы болуы тиіс. Мемлекет басшысы осы тараптардың арасындағы байланыс көпірін бекемдей түсу үшін кешенді шараларды қолға алуды тапсырды.

Ерік Батырханов, сарапшы:

- Халықтың жаңа Үкіметтің өте күрделі міндетті қалай шешетінін сырттан ғана бақылап сынай бермей, жарқын болашақты құру қамында жасалып жатқан игі істерге жұмылып, бір мүддеге ұятын кезі келді. Қауымдастықтар, бизнес, қоғамдық пікір көшбасшылары, қоғамдық кеңестер мен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, БАҚ және барлық азаматтық қоғам шет қалмай жаңа Қазақстанның құрылысына қатысуы тиіс.