«Әдемі» көлік нөмірін алу үшін бір аптада 19 мың өтініш түскен
Көлігіне «әдемі»
мемлекеттік нөмір алғысы келетіндердің қатары азаймай тұр. Мәселен, бір
Алматының өзінде бір апта ішінде 19 мыңнан астам өтініш түсіп үлгерген. Темір
тұлпар иелері ерекше сандық және әріптік комбинацияларды таңдауды қалайды.
Бағасы да арзан емес. 10-нан 280 айлық есептік көрсеткішке дейін жетеді.
Нөмірлерден түскен қаражат қала қазынасына құйылады. Қазір бірдей үш саннан
тұратын немесе нөлден басталатын нөмірлерге сұраныс жоғары. Ал жақын уақытта
бұл қызмет онлайн форматта да қолжетімді болмақ.
Серік Шумаев, Алматы қаласы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
- Әріптік және сандық
комбинациялар жалпы қабылданған моральдық нормаларға сай болуы тиіс. Біз мұны
алдын ала ескертеміз, яғни балағат сөздер немесе біреудің ар-намысы мен
қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жазуы бар нөмірлер болмайды. Барлығы әдептен
аспауы керек.

