Ел мектептерінде буллингке қарсы флешмоб өтті
Бүгін әр өңірде «Менің мектебім буллингке қарсы» атты
республикалық флешмоб өтті. Бұл шараға алматылық оқушылар да белсене атсалысты.
Жасөспірімдер шара барысында қоғамның назарын балалардың қауіпсіздігі
мәселесіне аударып, кемсітуге, жәбірлеуге қарсы ой қалыптастыруды мақсат етті.
Олар мектеп алаңына жиналып сап түзеп бір мезетте «Буллингке жол жоқ» деп жария
етті. Аталған іс-шараға оқушылар қоса мұғалімдер де қатысты. Жалпы биылғы
акцияға республика бойынша 750 мың оқушы атсалысты.

