Петропавлда синтетикалық есірткіні зерттейтін орталық ашылды
Петропавлда синтетикалық есірткінің құрамын толық зерттейтін зертхана ашылғалы тергеушілер мен құзырлы орган өкілдерінің жұмысы жеңілдеген. Енді орталық мамандары тыйым салынған зат бойынша қорытындыны бір тәулік ішінде шығара алады. Бұрын бұл процесс бір айға дейін созылатын. Себебі тергеушілер Көкшетау және Астана қаласындағы мекемелерге жүгінген.

