Өкпе ауруларына шалдыққан науқастар азайды
Атырау облысында кейінгі жылдары туберкулезге шалдыққан науқастардың саны 40 пайыз азайды. Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, бұған өңірдегі медицина саласының дамуы себеп болған. Аймаққа жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттары фтизиопульмонология орталығына барып, атқарылып жатқан жұмыспен танысты. Мамандармен кездесіп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Бұдан бөлек, кездесуде облыстың медицина саласын дамытуға арналған жоспар да пысықталды.

