Алакөлге рейд жүргізіліп жатыр

Алакөлге рейд жүргізіліп жатыр

Полициямен бірлесіп Алакөл жағасындағы инфрақұрылымдарға жаппай рейд жүргізіледі. Президенттің қатаң сынына кейін Абай облысының Туризм басқармасы осындай мәлімдеме жасап, ахуалға қатысты түсініктеме берді. Оған қарағанда, соңғы уақытта емдік қасиеті бар көлдің қып-қызыл проблема ошағына айналғаны бар. Көл маңында ұзақ жылдардан бері аяқталмай тұрған инфрақұрылым да көп, әрі демалушылар қауіпсіздігі де түбегейлі шешілмеген. Соңғы рет реттеу жұмыстары 2018 жылы жүргізіліпті. Енді тіпті Президенттің демалушылардың көптеген шағымына назар аударуына тура келген. Бүгін Алакөлдің Ақши жағасы мен Қапшағайға Вице-Премьер Ермек Көшербаев тексеру жасай барған. Үкімет өкілі Балқаштың да тіршілігін өз көзімен көрмек. Нәтижесі бойынша шешім шығарылып, туристік орындарда талапты сақтамаған жауаптылар шетінен жазаланады.