Әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 110 млрд теңге бағытталады

Әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 110 млрд теңге бағытталады

Қазақстанда зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 110 млрд теңге бөлінеді. Мұндай шешім 2022 жылға арналған бюджетті нақтылау кезінде қабылданды. Сонымен қатар, ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері ұлғайтылып, 4 трлн теңгеге жетеді. Мұнай бағасының өсуіне байланысты мемлекеттік қазынаның кірісі бойынша болжамдарға да өзгерістер енгізілді. Оның орташа жылдық бағасы барреліне 74 доллардың орнына 90 доллар болып бекітілді. Ал көршілес елдердегі саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Республика экономикасының жалпы өсімі баяулайды, дейді сарапшылар. Ол болжанған 4%-тен 2%-ке дейін төмендейді.