Әлемде COVID-19 салдарынан қайтыс болғандар саны 6 млн-нан асты

Әлемде COVID-19 салдарынан қайтыс болғандар саны 6 млн-нан асты

Коронавирус әлемде 6 млн-нан астам адамның өмірін қиды. Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті хабарлады. Қайтыс болғандардың басым бөлігі АҚШ-та, одан кейін Бразилия мен Үндістанда тіркелген. Аталған елдер инфекцияны жұқтыру саны бойынша да алдынғы қатарда. Жалпы әлемде осы күнге дейін 449 млн-нан астам адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған.

Айта кетейік, коронавирус әлемнің 200-ден астам елінде таралған.