Астанада өртті анықтайтын датчиктер орнатылды
Қыста көмір жағып, пешке қарап отыратын жер үйлер шетінен смарт датчиктерге
қосылуы тиіс. Бұл өрт қауіпсіздігінің алдын алуға мүмкіндік беретін құрал.
Бүгін Астанадағы төтенше жүйедегі қызметкерлер жер үйлердің аралап,
құрылғылардың басын өздері қойып шықты. Әзірге 13 мың үйді аралап үлгерген.
Арнайы ұйымдастырылған рейдке «Жаңа уақыттың» түсіру тобы да қосылған еді.
Толығырақ Мақпал Рахатқызының мәтериалында.
Бұл датчиктер – түтіннің иісін бірден қабылдайды. Өрт шықса, бірден дабыл
жүйесі қосылады. Қыс жетісімен пеш жағатын үйлерге өте қажет-ақ құрылғы.
Төтенше қызметтегілер биыл да үйді-үйді аралап, өрт қауіпсіздік талаптарын
тексеріп, жұртқа түсіндірме жұмысын жасап жатыр. Жоқтарына қондырғыны өздері
орнатып беруде. Гүлжамила әжейдің үйіне аппарат жоқ екен. Қауіпсіздігін
ойлағаны үшін мамандарға ол дән риза.
Гүлжәмила Жүкенова, Астана қаласының тұрғыны:
- Әлдымыздағы көшелерде болды, бізде болған жоқ. Бәрі жақсы бізде. бірдеңе
болса бірден жетіп келеді. Ондай оқиғадан бетін аулақ қылсын.
Ақылды датчиктер орнатылған бұл алғашқы үй емес. Елордада ұзын саны - 30
мыңнан аса жер үй бар екен. Соның 10 мыңнан астамы пеш жағады. Биыл ел бойынша
29 мың үйге өрт шықса бірден кескерту жасайтын дабыл қондырғысы қойылған.
Ербағлан Полатов, Астана қаласы Төтенше жағдайлар қызметінің аға инженері:
- Бұл іс шараның мақсаты өрттің алдын алу, азаматтардың тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында тұрғынүй секторларында аралау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тілсіз жау үйдегі пешті қараусыз қалдырғанда болады дейді төтенше жағдай
қызметкерлері. Мұндай биыл 39 оқиға тіркелген екен. Бұл соңғы 10 айдағы мәлімет
бойынша шамамен 7-8 пайызға төмен. Ендігі ақылды датчиктер өрттің алдын алып,
тұрғындардың қауіпсіздігін қадағаламақ.

