«Ұлы даланың ағартушылары» электронды кітапханасы пайда болды

«Ұлы даланың ағартушылары» электронды кітапханасы пайда болды

«Ұлы даланың ағартушылары». Қазақстанда жаңа электронды кітапхана пайда болды. Ол қазақ тарихында есімдері тарихта алтын әріппен жазылған және өмірін білім беру мен ғылымға арнаған, ғалымдар мен зерттеушілерге арналады. Бұл ресурста Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Қанипа Бітібаева мен Аягүл Миразовалардың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері мен мақалалары жайлы толық ақпарат алуға болады. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, электронды кітапханада барлығы 1000 астам жұмыс жарияланады. Онлайн кітапхана жыл бойы жаңа материалдармен толығып отырмақ. Болашақта білім беру саласына көп үлес қосқан педагогтардың есімі де енгізілмек. Қазірдің өзінде электронды кітапхананы 12 мың адам пайдаланыады.