Jibek Joly телеарнасының тілшісі Асылбек Тойбек «Парламент сөзі» сыйлығының иегері

Jibek Joly телеарнасының тілшісі Асылбек Тойбек «Парламент сөзі» сыйлығының иегері

БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында арнамыздың тілшісі, әріптесіміз Асылбек Тойбек «Парламент сөзі» сыйлығына ие болды. Ол «Үздік телевизиялық сюжет» номинациясында топ жарды. Салтанатты кеште барлығы 17 маманға арнайы статуэтка мен бағалы сыйлықтар табысталды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов олардың барлығын қолтаңбасы қалыптасқан тәжірибелі мамандар деп атады. Айта кетейік, Асылбек Тойбек арнамыздың құрылған күнінен бастап қызмет атқарады.