Ақмола облысында «Қымызмұрындық» тойы өтті
Бие байлап, алғашқы қымыз ішу рәсімі. Ақмола облысының тұрғындары «Қымызмұрындық» тойын атап өтті. Дәстүрге сай, жиналғандар қымыз ішуден жарысты. 5 минуттың ішінде 10 тостағанды сіміріп, «жыл көлтауысары» атағы үшін таласты. Қазақ халқының болмысы көрініс тапқан шарада ұлттық ойындардан да жарыс өтті. Шабандоздар бәйгеге түсіп, палуандар белдесіп, көкпар тартты.
Амангелді Аужанов, Қорғалжын ауылының тұрғыны:
– Бұрын мұндай болмаған шынын айтқанда. Қазір бүкіл ауданның халқы атсалысып, көптеген қостар тігілді. Биелерді байлап келіндер сауып көрсетіп жатыр тіпті, ұмытылып кеткен дәстүрлерді.
Мұрагер Ахметбеков, Шалқар ауылының тұрғыны:
– Көкпарда 80-90 ат қатысты. Ақмола облысының түкпір-түкпірінен палуандар осы көкпарға қатысты. Бәйгеміз өтті. Аламан бәйге 25 шақырымға. 30-40 ат бәйгеге қатысты. Одан кейін тқ бәйгеміз болды 16 шақырымға. Тай жарыс болды. Тай жарысқа округ бойынша 25-30 шақты ат қатысты. Күрес өтті мына жерде. Күрестен балалар арасында ең кіші салмақтан бастап, түйе палуанға дейін әртүрлі салмақта өтті.
Қазақтың «қымызмұрындық» дәстүрі «бие байлау» мен «айғыр қосу» жоралғыларымен бірге 2018 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұраларының тізіміне енген.