Шетелде тұратын қазақ балалары Бурабайда жиналды

Шетелде тұратын қазақ балалары Бурабайда жиналды

Шетелде тұратын қазақ балалары Бурабайда бас қосты. 12 елден келген 288 жеткіншек. Олар жазғы лагерьде демалып қана қоймай, 15 күн бойы тарихи отанының табиғатымен, тұрмыс-тіршілігімен танысады, ана тілін жетілдіріп, салт-дәстүрімізге қанығады.

 

Хакан Жанкей Польшада тұрады. Жырақта туып-өссе де, қазақша сөйлейді. Ағылшын түрік, поляк тіліне де жетік. Бозбаланың арманы – тарихи отанына көшіп келу.