Жұлдыздардың жарнамасына сенесіз бе?
Әлеуметтік желінің дамуы бүгінде сан түрлі алаяқтардың да
айласын асыруға мүмкіндік беретін алаңға айналғаны өтірік емес. Жұрттың бірі
блогердің, екіншісі әншінің, үшіншісі коуч дейтін әккілердің арбауына түсіп,
қыруар қаржысынан қағылып жатқан фактсі өте көп. Біраз кейсті жоғарыда да
айттық. Үлестегі құрылыс, инвестициялық жобаға ақша салып баю, қайырымдылық
қордың атын жамылу - бұл заңсыз әрекеттің бір легі ғана. Осы тұста, сіз
блогерлер мен жұлдыздардың жер жарған жарнамасынан қаншалықты сенесіз? деген
сұрақ туындайды. Халық пікірін назарларыңызға ұсынамыз.

