Қытайда қазақстандық өнімдер сұранысқа ие бола бастады

Қытайда қазақстандық өнімдер сұранысқа ие бола бастады

Қазақстандық өнімдер қытайлық тұтынушылар арасында танымал бола түсуде. Қытайдағы ЭКСПО көрмесінде отандық тауар өндірушілердің алуан түрлі ассортиментімен танысуға болады. Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бастамасының белсенді қатысушысы бола тұра, осымен 4-ші жыл қатарынан аталмыш халықаралық іс-шарада өз өнімдерін ұсынып келеді.

Әлібек Смаилов, ҚР Ұлттық стендінің жетекшісі:

- Қытайлықтар Қазақстанда шығарылған жоғары сапалы өнімдерді қатты жақсы көреді. Біздің тауарлар олардың талаптарына сай келеді. Қазір Қытайда түйе сүті аса сұранысқа ие. Бізде осы өнімді шығаратын екі компания ұсынылған.

Осы жылдың басында отандық өндірушілер Қытайға 220 мың құты құрғақ түйе сүтін жеткізіп үлгергенін айта кеткен жөн.

Ши Лида, компания өкілі:

- Біз өз өнімімізді 100% табиғи түйе сүтінен аламыз. Қазақстанда кейбір ауруханалар түйе сүтін науқастарға тезірек аяққа тұрып кетуі үшін береді. Себебі түйе сүті өте құнды. Оның құрамында аминқышқылдары, минералдар мен дәрумендер бар. Біз, қытайлық инвесторлар түйе сүтінің пайдасын бағалап, саланың болашағы барын сездік. Сондықтан Қазақстанға инвестиция салып отырмыз.

Айта кетейік, биыл Шанхайдағы көрмеге Қазақстаннан 26 кәсіпорын қатысты.