Мемлекеттік кеңесші 2021 жылғы жолдауды жүзеге асырудың аралық қорытындысын шығарды

Мемлекеттік кеңесші 2021 жылғы жолдауды жүзеге асырудың аралық қорытындысын шығарды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин 2021 жылғы Жолдауды жүзеге асырудың аралық қорытындысын шығарды. Ол барлық жұмыс арнайы 103 бөлімнен тұратын Жалпыұлттық жоспар аясында жүргізіліп жатқанын атап көрсетті. Жолдауда белгіленген міндеттердің басым бөлігі орындалды, қалғанының іске асуы Президент Әкімшілігінің бақылауында.

«Заңнамаға ең төменгі жалақыны 60 мың теңге етіп бекіту және оны салық, әлеуметтік және басқа да салаларда есептік көрсеткіш ретінде алып тастау туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2025 жылдың соңына дейін кемінде 1000 мектеп салу бойынша жол картасы бекітілді. Тұрғын үй мәселелерін шешу үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Отбасы банкі» арқылы жеңілдікпен жалпы сомасы 230 млрд теңге болатын 20 мыңнан астам қарыз берілді».

Еске салайық, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялайды. Онда елдің таяу кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары айқындалады.