Ветеринарлардың жалақысы 2,5 есеге дейін өседі

Ветеринарлардың жалақысы 2,5 есеге дейін өседі

Мал дәрігерлерінің айлығы 2 жарым есе өседі. Мәселен, орта білімі бар қызметкердің жалақысы 210 мың теңгеден 350 мыңға көтеріледі. Үкімет ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті. Құжатта жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы күрестен бастап, фармацевтика технологияларын дамыту мен саланы цифрландыруға дейінгі 8 бағыт қамтылған. Жауаптылардың айтуынша, бұл бастама ветеринарлық қызметті нығайтып, санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ел аумағына инфекциялардың енуі мен таралуына жол бермеуі тиіс. Сондай-ақ, кешенді жоспарда 2030 жылға дейін ветеринарлық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын 80%-ға дейін жаңарту көзделген.