Қостанайдың Заречное ауданында жаңадан салынған жайлы мектеп ашылды

Қостанай облысында алғашқы жайлы мектеп ашылды. 900 орындық білім ошағы Заречное елді мекенінде бой көтерді. Бұл ауылдың оқушыларына осы күнге дейін мектепте орын жетпеген. Жаңа мектептің кабинеттері кең, бірнеше спорт залы мен демалыс бөлмелері де бар.

Заречное елді мекеніндегі жайлы мектептің құрылысы күзгі демалыс кезінде толық аяқталды. Сәйкесінше оқушылар екінші тоқсанды жаңа мектепте бастап отыр. Бұл облыс бойынша ашылған ең алғашқы жайлы мектеп. 900 оқушыны қабылдай алады.  

Қарлығаш Алдамбергенова, мектеп директоры: 

- Мектеп өте ыңғайлы. Екі блокқа бөлінген. Жоғары және төменгі сынып оқушылары үшін барлық жағдай жасалған. Яғни төменгі сынып оқушылары бөлек есіктеп кіріп шығады, оларға бөлек спортзал қарастырылған. Сондай-ақ  хореография және  музыка залы бар.  

Үш қабатты ғимаратта ондаған оқу кабинеттері, зерхана, шеберхана мен кітапхана да бар. Роботехника және демалыс бөлмесі де қарастырылған.