Насыбай сатқандарға айыппұл салынды
Насыбай саудасы тыйлмай тұр. Жыл басынан бері Елорданың тек бір ауданында 230 дүкен тексеріліп, заң бұзғандарға айыппұл салынды. Бүгін Нұра ауданы әкімдігі жергілікті полиция басқармасымен бірлесіп, рейд ұйымдастырды.
Биыл көктемде насыбай мен снюс өнімдерінің саудасына
қатысты заң күшейтілді. Тіпті айыппұл көлемі 92 мың теңгеге дейін көтерілген.
Бірақ, мұндай айып мөлшерінен кәсіпкерлер қаймықпайтын сияқты. Себебі,
тексеруге кірген алғашқы дүкеннен-ақ, заң бұзушылық анықталды.